Интересное

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫНЫ

Павлодар қаласының Достық үйі мәжіліс залында Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті оқу-әдістемелік жиынын өткізді. Бұл жиында Павлодар облысының қалалары мен аудандарының әкімдері, ұйымдар мен мекемелердің, категориялы нысандар мен шаруашылық нысандарының 237 жетекшілері мен азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар мамандары бас қосты.

Оқу-әдістемелік жиыны 2 кезеңде өткізілді: бірінші 2017 жылдың нәтижелерін қорытындылай отырып, Департамент Басқармаларының бастықтары баяндамаларын оқыды, ал екінші кезеңде Департамент қызметкерлері оқыту сабақтарын өткізді.

Жиынды кіріспе сөзбен департаменттің Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы подполковник Д. Алябьев ашып, өткізіліп жатқан іс-шараның маңыздылығын атап өтті. «Бұл жай жиын емес, Павлодар облысының өмір-тіршілігін, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бүгінгі бұл залдағы жиналған мамандардың қызметінің арқасында. Сіздерден аталған бағыттағы іс-шараларды жақсарту бойынша ұсынымдарды естігім келеді, Департамент Сіздерді азаматтық қорғау саласындағы тұрғындар мен аумақты қорғау бойынша сенімді көмекші және кәсіби маман ретінде қабылдайды.

Жиында Өрт қауіпсіздігі аумағындағы алдын алу және бақылау басқармасы бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Қ. Әлімқан, «ВПК-Сервис» ЖШС төрағасы Н. Ахмуллаев, Павлодар облыстық Қызыл жарты ай филиалының жетекшісі Г. Исаканова және оқыту бойынша ТЖЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі С. Чернов, азаматтық қорғау басқармасының аға офицері Е. Касимов сөз сөйледі.

Баяндамашылар қатысушылардың назарын ескерту шараларына аударды. Барлық сөз сөйлеушілердің негізгі түйіні төтенше жағдайларды алдын-алу сұрақтары мен азаматтардың жарақаттанулары мен қаза болуын болдырмауға бағытталды.

Төтенше жағдайлардың басым пайызы тұрғын өрттер екені туралы факт аталып өтті. Азаматтар әлі де қауіпсіздік мәдениетіне үйренбеген.

Павлодар облысының «Казгидромет» филиалының директоры Дубовицкий Виктор Владимирович: «Аталған оқу-әдістемелік жиынның арқасында мен бұрын білмеген Азаматтық қорғаныс саласындағы нормативтік талаптармен таныстым. Мұндай шаралар біздің қаламызда жиірек болып тұрса жақсы болар еді. Осындай жиындардың арқасында біз Қазақстан Республикасының Заңнамалық акттеріне еңгізілген өзгерістер мен толықтырулармен танысамыз».

«Шарбақты ауданының әкім аппараты» ММ азаматтық қорғау және төтенше жағдайлар бас маманы Ыдырысов Асанәлі Ғадылжанұлы өз ойымен бөлісті: «Төтенше жағдайлар қызметкерлеріне аумақты іс-шара өткізіп жатқандарына үлкен рахметімді айтамын. Өзіме пайдалы, бастысы қажетті көп ақпаратты білдім. Төтенше жағдайлардың алдын-алу мен оларды жою бойынша өз жағымыздан белсенді ат салысамыз».

Іс-шараның аяғында төтенше жағдайларды алдын-алу мен оларды жою ісіне белсенді ат салысып жүрген қалалар мен аудандардың әкімдіктерінің, азаматтық қорғаныс қызметтерінің жетекшілері мен мамандары және категориялы нысандардың өкілдері Павлодар облыстық және қалалық Маслихат хатшыларының алғыс хаттарымен, Павлодар қаласы әкімінің алғыс хатымен, Төтенше жағдайлар департаментінің мадақтамаларымен марапатталды.


http://pavlodar.emer.gov.kz/kz/5117-umcs.html

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *